• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Маусым, 2014

Минскіде Еуразиялық экономикалық одақтың келешегі мен мүмкіндіктері талқыланды

315 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 маусым. Минскідегі Қазақстан елшілігінде Еуразиялық экономикалық одақтың бүгіні мен келешегі талқыланған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл туралы «24kz» хабарлады. Конференцияға ғылым мен мәдениет қайраткерлері, экономика сарапшылары және дипломаттар қатысты. Жиында еліміздің Беларусь мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі Ерғали Бөлегенов: «Еуразиялық экономикалық одақтың бекерге құрылмағанын, елдің пайдасын көздейтінін оған мүше мемлекеттердің өкілдері әлі-ақ шынайы сезінетін болады», – деді. Ал өз кезегінде Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергенов: «Өткен жылы Ресей мен Беларусь арасында электрондық сауда шекарасы ашылды, оның нәтижелері жаман емес. Бұл үдеріске Қазақстан 2014 жылы қосылды. Сол үшін де бізге электрондық сауда қызметі шарттарын теңестіру қажет», – деді. Конференцияға арнайы қатысқан Қытайдың Беларусь еліндегі төтенше және өкілетті елшісі Цуй Цимин де өз пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, Қытай Еуразиялық экономикалық одақпен қарым-қатынасқа түсуден үлкен үміт күтеді. Таяуда Қытай мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер арасында ынтымақтастық жөнінде қадам жасалуы мүмкін. Бұдан бөлек, басқосуда Еуразиялық экономикалық одақ аясында еркін сауда айналымының артуына, экономика мен бәсекелестіктің дамуына қол жеткізілетіні сөз болды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «24kz». Фото: remarka.kz.
Соңғы жаңалықтар