• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Ақпан, 2023

«Nauryz» Ұлттық телехикаялар бәйгесіне өтінім қабылдау басталды

443 рет
көрсетілді

Отандық сериалдардың контентін кәсіби тұрғыдан бағалайтын «Nauryz» Ұлттық бәйгесі 2023 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Nauryz-awards.kz сайтында «Nauryz» Ұлттық телехикаялар бәйгесіне қатысуға өтінім қабылдау басталды.

Өтінім беру 2023 жылдың 15 наурызына дейін жалғасады.

Бәйгеге 2021 жылғы 1 қаңтар – 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде, YouTube және басқа да платформаларда көрсетілген сериалдар қатыса алады.

Конкурстық өтінімдерді республикалық және аймақтық телевизиялық хабар тарату компаниялары, студиялар, продюсерлік орталықтар және сериалдарды өндіретін медиа индустрияның басқа да ұйымдары бере алады.

Конкурс 13 номинация бойынша өтеді:

1. Үздік тарихи сериал2. Үздік драмалық сериал3. Үздік комедиялық сериал4. Үздік веб-сериал5. Үздік актер6. Үздік актриса7. Екінші пландағы үздік актер8. Екінші пландағы үздік актриса9. Үздік режиссер10. Үздік сценарист11. Үздік қоюшы-оператор12. Үздік монтаж13. Үздік саундтрек

Бәйгенің негізгі мақсаты – сериалдық контентті дамытуды қолдау, отандық және халықаралық онлайн платформаларда қазақстандық телехикаяларды көрермен арасында танымал ету.

Жеңімпаздар наурыз айында белгілі болып, оларға NAURYZ арнайы мүсіншесі және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.