• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Ақпан, 2023

Биыл 350 мыңнан астам адам АӘК алды

259 рет
көрсетілді

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай  бойынша 67,1 мың отбасындағы 350,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

«Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген  әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне ауыстырылды.

Ағымдағы  жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 106,4 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.