• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Ақпан, 2023

Жүз бір кітап

477 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігі биыл 101 кітап басып шығаруды жоспарлап отыр. Оның ішінде 35 аталым қолжазбасы сатып алынған, олар бұрын еш жерде жарияланбаған. Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында шығатын «Тікелей эфир» айдарында Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Баспа ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет мәлімдеді.

«Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтінімдерді сараптама комиссиясы қарайды. Комиссия ұсынылған кітаптың көркемдік құндылығына мән беріп, сондай-ақ сатып алудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан зерделеп, қорытынды шығарады. Сарапшының оң қорытындысын алған әдебиеттер Ведомствоаралық комиссия шешімімен басып шы­ғарылатын әдебиеттер тізіміне ен­гі­зіледі. Өтінімдер жыл сайын көр­кем әдебиет, балалар мен жас­өс­пі­рімдерге арналған әдебиет, мә­де­­ниет және өнер туралы әдебиет, эн­ци­клопедиялық-анықтамалық әде­биет, ғылыми-көпшілік әдебиет, қо­ғамдық-саяси әдебиет, аударма әдебиеті, мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет түрлері бойынша қабылданады», деді Алмаз Мырзахмет.

Өткен жылы 188 аталым бойынша әдебиеттер 506 мың данамен басылып шығып, барлық өңірдегі мемлекеттік кітапханаларға таратылғанын айта кеткен жөн. Оның ішінде «Жаңа қа­зақ әдебиеті» сериясы бойынша жа­рық көрген кітаптар оқырманның жо­ғары бағасына ие болғаны айтылды.