• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Ақпан, 2023

Италияда мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады

315 рет
көрсетілді

Италияда кеме апатқа ұшырап 59 адам қаза тапты. Олардың ішінде 12 бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеме Кротон маңына тоқтауға тырысқан кезде, қатты дауылдың әсерінен апатқа ұшыраған.

Бортта Ауғанстан, Пәкістан, Сомали және Ираннан келе жатқан мигранттар болған. Итальяндық шенеуніктердің айтуынша, қайтыс болғандардың арасында нәресте бар. Оқиға орнына келген ішкі істер министрі Маттео Пьянтедози 30-ға жуық адамның жоғалып кеткенін айтты.

Қаза тапқандардың мәйіті Калабрия аймағына жақын маңдағы теңіз курорты жағажайынан табылды. Жағалау күзетшілері 80 адамның аман-есен табылғанын хабарлады. Мигранттар Түркиядан Италияға бағыт алған. Кеме дауылды ауа-райының кесірінен жартасқа соғылып, суға батып кеткен. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кеменің сынықтарын көруге болады. 

Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

«Кемеде 200 адам болған болуы мүмкін. 60 адам әлі табылған жоқ», дейді құтқарушылар.

">