Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бекмағамбетов Досбол Боташұлы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Досбол Бекмағамбетов 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Ол өзінің мансабын 2007 жылы Қарағанды облысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаментінің еңбек туралы заңнаманы бақылау бөлімінің бас маманының м.а. ретінде бастады.
2007-2008 жылдары - Қарағанды қаласы Нұра ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік инспекторының бас маманы.
2008-2012 жылдары – Қарағанды облысы Нұра ауданының бас маманы – экология жөніндегі уәкілетті инспекторы.
2012-2016 жылдары - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің орынбасары.
2016-2017 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар департаментінің сарапшысы.
2017-2019 жылдары - Су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау департаментінің бас маманы; Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары болды.
2019-2021 жылдары – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі басшының орынбасары;
2021 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.