• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Ақпан, 2023

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келді

412 рет
көрсетілді

28 ақпан түнгі уақытта АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Мемлекеттік хатшыны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сондай-ақ Энтони Блинкен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ Астанада Э.Блинкеннің қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының «С5+1» форматындағы министрлік кездесуі өтеді.

«С5+1» министрлік кездесуінде Орталық Азия елдерінің АҚШ-пен экономика, энергетика және қоршаған орта саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.