Акционерлер «Тесла» компаниясын және оның бас директоры Илон Маскті сотқа берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Танымал кәсіпкердің басы дауға қалды. Себебі кәсіпорын электрлі көліктердің авто-пилот жүйесінің қауіпсіздігіне қатысты жалған ақпаратты 4 жыл беріп келген екен.Салдарынан жол апаттары тіркеліп, адамдар жараланып, тіпті қаза болғандар да болды. Ұжымдық арыз жазғандар өтемақы талап етіп отыр. Бұған дейін АҚШ-тың Жол қозғалысының қауіпсіздігіне жауапты ұлттық басқармасы «Тесланы» 360 мыңнан астам электр көлігін кері қайтаруға мәжбүрлеген болатын.
Талапкерлер компаниядан және автомобиль өндірушінің басқа өкілдерінен келтірілген шығынды талап етіп жатыр.