Астанада Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бүгін түнде Астанаға ресми сапармен келді.
Астанада Блинкеннің қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер ведомстволары басшыларының С5+1 форматындағы министрлік кездесуі өтеді.
Кездесуде Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы экономика, энергетика, қоршаған ортаны қорғау және лаңкестікпен күрес салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Блинкеннің айтуынша, бұл оның Мемлекеттік хатшы ретінде Қазақстан мен Өзбекстанға бірінші сапары.