• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Ақпан, 2023

Жаңаөзендік кәсіпкерге электр энергиясын қосуға негізсіз бас тартылған

260 рет
көрсетілді

«Өзенэнергосервис» мекемесі өткен жылдың желтоқсан айынан бастап электр энергиясын өндірістік базаға қосу үшін техникалық шарттар беруден негізсіз бас тартқан. Электр желілерін беретін компанияның бұл әрекеті туралы кәсіпкер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Департамент осы мәселе бойынша «Өзенэнергосервис» мекемесінің өкілдерімен кездесу өткізіп, нәтижесінде, бизнес орталыққа электр энергиясын беру туралы шешім қабылдаған.

Осы орайда, департамент бақылаушы органдардың рұқсаттарын беру кезінде, сондай-ақ мемлекеттік қолдауларды (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде проблемалар мен әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіп иелерін қабылдауға шақырады.

Айта кетейік, департамент анықталған кемшіліктер мен оларды шешу жұмыстарын жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қабылдап жатыр.