Жыл өткен сайын бұл мерекенің қазақстандықтар үшін маңыздылығы артып келеді. Бұл күні жақсылық жасап, халыққа көмек қолын созған жандарға алғыс айтып, отбасы, туған-туыс, дос-жаран, әріптес, көршіні қамқор болуға шақыру әдетке айналған.
Алғыс айту күнін белгілеу 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында ұсынылды. Содан бері бұл мереке жыл сайын көктемнің алғашқы күні тойланады.