Германия Украинаға Rheinmetall компаниясы шығарған Skynex әуе қорғанысының екі жүйесін беруге уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Концерннің бас директоры Армин Паппергердің айтуынша, 212 миллион долларлық жүйелер Украинаның Қарулы Күштері үшін арнайы жасалған және биыл Украина армиясына пайдалануға беріледі.
Skynex жүйесі ұшқышсыз және қанатты зымырандарға қарсы соғысуға арналған. Оның артықшылығы оқ-дәрілері өте арзан.