• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Наурыз, 2023

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

223 рет
көрсетілді

Синоптиктер 2-5 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Метеорологтардың айтуынша, көктемнің алғашқы күндері басталса да, еліміздің солтүстік жартысында ауа райы әлі де суық. Мұның себебі - белсенді Атлантикалық циклон мен суық атмосфералық фронттар. Ол қар, көктайғақ, тұман, боран, екпінді жел түрінде жауын-шашын тудырады.

Тек 2 наурызда оңтүстік облыстарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, одан кейін ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын (жаңбыр, көктайғақ), тұман күтіледі.

«Фронттар әсерінен Қазақстанның солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 10-20 градус аязға, ал оңтүстік жартысында түнде 7 градус аяз - 2 градус жылыға дейін төмендейді деп күтіледі», делінген хабарламада.