• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 02 Наурыз, 2023

15 өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі

339 рет
көрсетілді

Астанада және еліміздің 15 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Түнде Астана қаласында қарлы боран болады деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында қарлы боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың көп бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында 23 м/с дейін жетеді. Көкшетау жолдарында көктайғақ болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында 15-20, 23-28 м/с дейін соғады, таңертең және түстен кейін оңтүстік-батыста, облыстың таулы аудандарында кейде 30 м/с дейін соғуы мүмкін.

Қызылорда облысының шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында боран, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болатын жел соғады. Қарағандыда төмен қарлы боран, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Ақтауда көктайғақ болады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында боран соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз қарлы боран болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қарлы боран болады деп болжанып отыр. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с жел соғады. Ақтөбеде күндіз төмен қарлы боран күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с жел соғады.

Синоптиктердің айтуынша, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (негізінен қар), төменгі боран, көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Жезқазғанда таңертең және түстен кейін төмен қарлы боран, көктайғақ күтіледі.

Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Күндіз таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Солтүстікте, батыста, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15-20, күндіз тау асуларында 23-28 м / с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), жолдарда көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында қарлы боран күтіледі.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), жолдарда көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында төменгі боран болады. Семейде жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м / с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында төмен қарлы боран күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 23-28 м/с жел соғады. Петропавлда төмен қарлы боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.