• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Наурыз, 2023

Таразда түрмеден өрт шығып, жұрттың зәресі ұшты

314 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайға байланысты қала тұрғындары тұтқындардың жаппай қашуынан қорыққан, деп хабарлайды Egemen.kz «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Өрт өндірістік цехтардың бірінде болған. Онда 14 шаршы метр жерде ағаш өңдеу жұмыстары жүргізіліп, дайын өнім сақталатын орын болған. Өрт тез арада шатырға тараған, бірақ қызметкерлер, кейін өртсөндірушілер жалынды дер кезінде сөндірген. 

Колония өкілдері өрт кезінде цехта ешкім болмады деп сендірді. Бәрі басқа ғимаратта орналасқан камераларында болған.

«Өрт кезінде сотталғандардың қашып құтылу әрекеті болған жоқ, өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлердің бәрі аман-сау, қызметкерлер мен арнайы контингент арасында зардап шеккендер жоқ. Өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан тұтанған», дейді Тараз қаласының №59 төтенше қауіпсіздік мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ербол Нұржанов.