• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2010

БАҚУАТТЫ ЕЛДІҢ БАЛДЫРҒАНДАРЫ ҚАШАНДА БАҚЫТТЫ

565 рет
көрсетілді

Кеше “Нұр Отан” ХДП Төра­ға­сының бірінші орынбасары Нұр­лан Нығматулин Жамбыл облы­сында болды. Партия Тө­ра­ғасы бірінші орынбасарының өңірге сапары 1 маусым – Халық­аралық балаларды қорғау күніне сәйкес келгендіктен бо­лар, ол облыс жағдайымен та­ны­суды ең алдымен Қ.Сары­мол­даев атын­дағы №1 балалар үйінен бастады. Бақуатты елдің балдырғандары қашанда бақытты. Десек, Қ.Сары­мол­даев атындағы балалар үйін­дегі тәрбиеленушілердің көйлегі көк, тамағы тоқ. Мұнда олардың сапа­лы білім, саналы тәрбие алуына барлық жағдай жасалған. Бейнелеу және декоративті-қол­данбалы өнер, спорт, көркем гим­настика, еңбекке баулу, линг­вистика сала­ла­ры бойынша 16 үйірме табысты жұмыс атқаруда. Айта кету керек, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні еліміздің барлық өңіріндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері нұротандықтардың басты на­за­рын­­­да болды. Бұл күні “Нұр Отан” ХДП ауқымды акция өт­кізді. Пар­тия Төрағасының бірінші орын­ба­сары өзін қаумалай қоршап алған бейкүнә балаларға Елбасы Нұр­сұл­­тан Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, сыйлықтарын табыс етті. Әр ұлт пен ұлыс өкілдерінің бауырынан шыққан ба­лалардың қазақ тіліндегі тақ­пақтарын тың­дады. Осы ба­лалар үйінің түлектері ұйымдастырған, бүгінде елімізге танымал “Мерей” тобының ша­быттана шырқаған “Өз елім” әнін сүйсіне тыңдап, ризашылықпен қол соқты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың тапсырмасы бойынша “Нұр Отан” ХДП маңызды мемлекеттік бағдар­ла­малардың жүзеге асы­рылуын мақ­сатты түрде ба­қылау жұмысын жемісті жал­ғас­тыруда. Бұл бағытта үдемелі индус­трия­лық-инно­ва­ция­лық даму бағдар­ламасына арналған нысандарында құрылған партиялық бақылау бекеттері мен “Жол карта­сында” тиімді жұмыс атқарылуда. “Жол картасы: еңбекпен қам­тамасыз ету” бағдарламасы ая­сын­да шешілуге тиіс жұмыс­сыз­дардың еңбекпен қамтамасыз етілуі, азаматтарды қосымша мамандық бойынша қайта даярлау жайы да “Нұр Отан” партия­сы­ның тұрақты бақылауында. Н.Нығматулин 50 адамды элек­тор­механикалық құ­рыл­­­ғы­ларды жөндеу, қызмет көрсету, пай­да­лануға беру, сондай-ақ, құрылыс және ғимараттар мен құры­лыс­тарды пайдалануға беру ма­ман­дықтары бойынша кадр­лар­ды қайта дайындау курстарында оқытып жатқан Жамбыл поли­тех­ни­калық колледжіне де атбасын бұрды. Мұнда “Жол картасы: ең­бекпен қамтамасыз ету” бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде 120 адам техникалық маман­дық­тар бойынша қайта дайындықтан өтуде. Оған колледж директоры Б.Егембердиева бас­таған ұжым жауапкершілікпен қарауда. “Нұр Отан” ХДП Төраға­сы­ның бірінші орынбасары, сондай-ақ, облыс орталығындағы тұрғын үй аулаларындағы көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстарымен де танысып, партияның облыстық филиал үйінде азаматтарды жеке сауалдарымен қабылдады. Бұдан кейін Жамбыл облыстық филиа­лының кезектен тыс VІІІ кон­фе­рен­циясына қатысты. Кон­фе­рен­ция жұмысының күн тәртібі бойын­ша ұйымдастыру мәселесі қара­лып, онда “Нұр Отан” ХДП Жам­был облыстық филиалының төрағасы болып Жамбыл облы­сының әкімі, партия мүшесі Қанат Бозымбаев бірауыздан сайланды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы. “ОТАНДАСТАР” АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ 1 маусымда еліміздің барлық аймақтарында халықтың ұсыныстары мен өтініш-тілектерін жинау бойынша “Нұр Отан” ХДП-ның “Отандастар” республикалық акциясы басталды. “Нұр Отан” 2020 жылға де­йінгі партияның жаңа бағ­дар­ла­масының жобасын дайындады және осы бағдарлама жобасына қосу үшін партияның кезектен тыс ХІІІ съезі қарасаңында ұсыныстарды жинау акциясын ұйымдастырып отыр. Акция екі кезеңде өтеді, бірінші кезең – маусым, екінші кезең – шілде және тамыз айлары. Осы акция үшін арнайы ұсы­ныстарды жинау бойынша бланк әзірленді және ол осы акцияның негізгі белгісіне айналатын бо­ла­ды. Әр қазақстандық осы кең ау­қым­ды жобаға қатыса алады, бұл үшін акция бланкісін толтыру қа­жет, бланкке өз идеяларын, ұсы­ныс­та­рын және партияның бағдарлама­лық құжатына негіз бола алатын мазалап жүрген мәселелерді жазуға болады. Партияның барлық филиал­да­рының жанынан сондай-ақ белгілі жергілікті елді мекендерде арнайы “халықтың өтініш-тілектерінің” жинақ орталықтары ашылады, ол орталықтарда барлық ниет біл­дір­ген азаматтар үшін бланктер бе­рі­леді. Халықтың өтініш-ті­лек­терін жинау қоғамдық қ­а­былдау бөл­ме­лері арқылы партиялық жиналыс­тар­да, партия актив­те­рі­нің отырыс­тарында және кон­фе­рен­цияларда жүзеге асырылады. “Нұр Отан” партиясының сай­тында ұсыныстар мен өтініш-тілектерді қалдыруға болатын арнайы бөлім ашылады. Акция шеңберінде келіп түсіп жатқан проблемалы мәселелермен танысу және талқылау үшін мем­лекеттік органдар өкілдерінің және басқа да мамандардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіледі. Акция барысында келіп түскен біздің азаматтардың ұсыныстары мен өтініш-тілектерін партия бағдарламасын әзірлеушілер қол­да­нады және бұл аймақтар бо­йынша проблема картасын құруға мүм­кіндік береді. Барлық ұсы­ныс­тар талданады және пысықталады, жи­налған материалдар негізінде “ха­лықтың өтініш-тілектері” жинағы дайындалады. Акцияның қорытындысы бо­йынша партия бағдарламасына қосу үшін жұмыс тобының қа­ра­уына нақты ұсыныстар енгізіледі. “Отандастар” жобасын іске асыру халықпен кері байланыс ор­натудың жаңа механизмдерін құ­руға, сондай-ақ қоғамның кө­кей­кесті проблемалары мен мәселе­лерін анықтауға ықпал етеді.