Мажарстанда Дебрецен Университетінің тарих және этнография докторлық мектебінің этнография кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан-Мажарстан мәдени нарративтері, әлеуметтік және экономикалық әртүрлілік» атты ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Конференцияда Дебрецен университетінің оқу жөніндегі проректоры профессор Барта Элек соңғы жылдары қазақстандық университеттер және ғылыми мекемелермен ынтымақтастық туралы он шақты екіжақты келісім жасалғанын, сондай-ақ қазіргі уақытта Дебрецен университетінде 141 қазақстандық студент білім алып жатқанын атап өтті.
Конференцияға Мажарстан (Дебрецен университеті, Этвеш Лоранд университеті, ELTE, Сегед университеті) және қазақстандық жоғары оқу орындарының (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, AITU, Аманжолов атындағы ШҚУ, НУ, Өтемісов атындағы БҚУ) оқытушылары, Қазақстанның Венгриядағы ғылыми елшісі Назира Әбдінасыр қатысты. Іс-шара барысында мажар тарапы Қазақстанның ғылыми өмірімен танысуға мүмкіндік алды.