• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Таным 05 Наурыз, 2023

Cуға аллергия болуы мүмкін бе?

454 рет
көрсетілді

Адам ағзасы 80% судан тұрады. Біздің өміріміз тікелей сумен байланысты. Суға аллергиясы бар нәзік жанды Эшли Моррис Аустралияда өмір сүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эшлиға терлеудің өзі қауіпті. Ең қызығы - бұл құбылыс Эшлиде туа біткен емес. 15 жасына дейін қыз барлық адамдар сияқты қарапайым өмір сүрген. Содан кейін ол тонзиллитке шалдығып, ауырып қалды. Оған дәрігерлер пенициллиннің көп мөлшері бар препараттарды жазып берген. Нәтижесінде антибиотиктің үлкен дозалары суға аллергияны тудырған.

Бұл аурумен әлемде 5 адам аурады, соның бірі -  Эшли. Ол «бұнымен өмір бітпейді» деген ұстанымды ұстанады. Морристің өмірге деген құлшынысы керемет. Оған 1 минуттан артық денесін суға жанастыруға болмайды. Ол ваннаға да, душқа да, бассейнге де түсе алмайды.

Эшли бұл жағдайға жақсы жағынан қарай білген.  Мысалы, жігіті оған жан-жақты қамқорлық жасап, сүйіктісіне ыдыс-аяқ, кір жуудырмайтын көрінеді.