• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Наурыз, 2023

Түркияда үйінді астынан құтқарылған Сабина Мамадьярова елге келді

529 рет
көрсетілді

Түркияда үйінді астынан құтқарылған Қазақстан азаматы Сабина Мамадьярова елге оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауруханада жатқанда консулымыз онымен үнемі байланысып отырды. Туыстары жанында болды. Ол Қазақстанға оралды. Бірақ мазаламауды өтінді. Ешқандай пікір беруді қаламайды», деді А. Смадияров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аданадағы мемлекеттік ауруханада Сабина Мамадьярованың жарақат алған қолына ота жасалған еді.