Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мәліметінше, Қазақстанда 4,3 млн әйел жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында Қазақстанда әйелдерді жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Министрдің мәліметінше, Қазақстанда жұмыспен қамтылған 4,3 млн әйел бар. Олар жұмыспен қамтылған барша халықтың 48 пайызын құрайды.
«Әйелдердің 35 пайызы – сауда және қызмет көрсету саласында, 32 пайызы – білім, денсаулық сақтау және ғылым саласында, 14 пайызы – өнеркәсіпте, құрылыста және көлікте, 9 пайыздан астамы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді», деді министр.