• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2014

Тиімді жобалар бірақатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын азайтады

248 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 маусым. Инвестициялық жобаларды іске асыру ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар өнімдердің импортын төмендетуге мүмкіндік береді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дулат Айтжанов осылай деді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Дулат Айтжановтың айтуынша, бүгінде холдингтің инвестициялық портфелінде жалпы құны 263 млрд. теңге болатын 417 жоба бар. Ал жалпы құны 198 млрд. теңгені құрайтын 310 жоба пайдалануға берілген. Соның нәтижесінде 11 мың жұмыс орны құрылған. Биыл тағы да 68 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл жобалардың 20-сы 1-ші жартыжылдықта іске кіріскен. Дулат Айтжанов: ««ҚазАгроның» 1 жобаcының өзі толықтай іске асса тауық еті импортының көлемі 20 пайызға, сүт және сүт өнімдері импорты 6 пайызға, жеміс-жидек өнімдерінің импорты 4 пайызға төмендейтін болады», – деді. Бұдан бөлек, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы 2020 жылға дейін сыйымдылығы 1404,5 мың тоннаға жететін астық сақтайтын орын салу көзделіп отырғанын, сондай-ақ, биылғы жылы 2000 тонна ет пен ет өнімдерін, 375 тонна жүн мен жүннен жасалған бұйымдарды экспорттау жоспарда бар екенін жеткізді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: primeminister.kz. Фото: Strategy2050.kz.