• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Наурыз, 2023

Сенат төрағасы: Бұл күн – мейірім мен нәзіктіктің мерекесі

295 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аяулы арулар! 

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – мейірімнің, әдеміліктің және нәзіктіктің мерекесі. Сондықтан дәл осы күні аналарымызға құрмет көрсетіп, аруларымыз бен қыздарымызды құттықтауға асығамыз. 

Елдің ырыс-ынтымағын еселеу жолында бүгінгідей шуақты мерекенің маңызы зор. Өйткені дәл осы күні ізгілік, сыйластық, сүйіспеншілік сияқты дұрыс құндылықтар дәріптеледі.

Шын мәнінде, мемлекеттің ілгері жылжып, еңсе тіктеуінде әйелдер қауымының алар орны ерекше. Тарихымызда даналығымен танылған аналарымыздың өмір жолы соның айқын дәлелі. 

Қазіргі таңда да сіздер отбасының ғана емес, тұтас ұлттың ұйытқысы ретінде барлық салада табысты еңбек етіп, тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосып келесіздер. Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан Әділетті Қазақстан құру жолында да әйелдердің ақыл-парасаты мен ерік-жігері маңызды рөл атқарады. 

Бүгінгі мейраммен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке және жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін! Әрдайым көктемдей құлпырып жүре беріңіздер», делінген құттықтауда.