• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Наурыз, 2023

Түркістан облысы прокурорының өлім себебі айтылды

325 рет
көрсетілді

Бұған дейін Түркістан облысының прокуроры қайтыс болғанын хабарлаған едік.  Бас прокуратура Марат Әлихановтың өліміне қатысы түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, Марат Әлиханов жүрек талмасынан көз жұмған.

Түркістан облысының прокуроры 9 наурыз күні таңертең өз кабинетінде қайтыс болды. Ол 58 жаста еді. Бас прокуратура Марат Әлихановтың кенеттен қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Еске салайық, Марат Әлиханов 2020 жылдың ақпан айынан бері Түркістан облысының прокуроры қызметін атқарып келген.