• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Медицина 09 Наурыз, 2023

Қымбат дәріге қор арқылы қол жеткізді

300 рет
көрсетілді

Денсаулықтан қымбат байлық болмас, сірә. Тән саулы­ғының қадірін басы ауырып, балтыры сыздаған жан біледі. Әсіресе оң-солын әлі тани қоймаған балалар ауырмасын деңіз.

Атырау облыстық балалар ауруханасы баспасөз қыз­меті­нің ақпаратына қарағанда, омырт­қадағы жұлынның бұл­шық ет атрофиясын емдеуге Ну­си­нерсен (Спинраза) препа­раты қажет. Бірақ оның бі­реуі 42 млн теңге тұрады. Өт­кен жылдың соңында ауруха­­наға 126 млн теңгеге осындай үш препарат сатып алынған.

«Жұлынның бұлшық ет атрофиясы немесе SMA – жұ­­лынның алдыңғы мүйіз­деріндегі моторлы нейрон­да­рының үдемелі дегенерациясынан туындаған генетикалық гетерогенді тұқым қуалайтын әрі емделмейтін ауру. Басқаша айтқанда, адамның бұлшық еттері мүлдем жұмыс істемей қалады. Ал Нусинерсен (Спин­раза) препараты осын­дай сырқатқа шалдыққан бала­­лар­­дың өмірін едәуір же­ңі­л­­детеді», деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Ал өңірлік коммуника­циялар қызметінің мәліметі­не сүйенсек, былтыр «Қазақстан халқына» қоры арқылы аты­раулық төрт науқас қымбат дәрімен қамтамасыз етілген. Облыстық денсаулық басқар­масының ықпалымен үш нау­­қас үшін сатып алынған дәрі­нің құны 380 млн тең­гені құрайды. Бір науқас «Қазақ­стан халқына» қорына өзі жү­гінген.

«Өткен жылдың сәуір айын­­да Атырау облысынан «Берардинелли Сейптің жал­пыланған липодистро­фия­сы» диагнозымен екі бала «Мет­релептин» дәрілік заты­мен қамтылды. Дәрінің жалпы құны – 201 млн теңге. Ал қараша айында «Дюшенді бұлшықет дистрофиясы» диаг­нозы қойылған 18 жасқа тол­маған науқас 179 млн тең­ге тұратын «Касимерсен» дәрі­­лік препаратымен қам­тыл­ды. Атырау қаласынан «Қазақ­стан халқына» қорына өзі көмек алуға жүгінген онко­ло­гиялық есепте тұрған нау­қасқа «Рибо­циклиб» дәрісі алы­нып бе­рілген», деп мәлім етті өңір­­лік коммуникациялар қызметі.

 

Атырау облысы