Қазақстан боксшысы Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
40 жастағы қазақстандық боксшы тұрақты чемпион Эрисланди Лараға қарсы келесі қарсыласын анықтайтын промоутерлік бәсекеден бас тартуға шешім қабылдады.
Бұған дейін GGG IBF белбеуінен бас тартқан еді, енді оның IBO титулы ғана бар.