• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Наурыз, 2023

Байзақтағы жарылысқа қатысы бар 6 адамға айып тағылды

314 рет
көрсетілді

Шымкент гарнизоны Әскери сотының төрағалығымен Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар ауылында орналасқан 28349 әскери бөлімінде қару қоймасының өртенуі мен жарылуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аслан Бақытжанов пен Руслан Несіпқалиевке ҚР Қылмыстық Кодексінің 462-бабының 3-тармағы бойынша «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырып, айналасындағыларға аса қауіпті оқ-дәрілермен және жарылғыш заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзды» деген айып тағылды. Сондай-ақ Еран Бошай мен Берік Омарбеков ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабының 1, 2-тармағы бойынша «Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке елеулі зиян келтiрген салғырт қарауы, ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет» бойынша айып тағылды.

Ерпулат Тұранов пен Әсет Әшірбайға «елеулі залал келтірген бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша айып тағылды. Олар сондай-ақ «ауыр зардаптарға әкеп соққан қаруды, оқ-дәрілерді, көлік құралдарын, әскери техниканы немесе басқа да әскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» ҚР Қылмыстық кодексінің 459-бабының 2-бөлігі бойынша сотталады.

Істің барлық материалы сотқа берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан болатын. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылды. Жарылыстан кейін 93 адам ауруханаға жатқызылды. Жүзге жуық адам жарақат алды. 18 адам қаза тапты. Облыс әкімдігінің мәліметінше, 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық нысан және үш мектеп зақымданған.