• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Наурыз, 2023

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен Қазақстанға келеді

457 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко биыл елімізге Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен жұмыс сапарымен келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Роман Василенко нақтылағандай, қараша айында Еуропалық Одақтың бастамасымен Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен «Қазақстан мен ЕО өнеркәсіптік альянстары арасындағы қаржы және технологиялық ынтымақтастықты орнату» меморандумына қол қойды. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Осы жоғары динамиканың жалғасы ретінде биыл Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Лейен Қазақстанға келеді. Бұл кездесу Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастың 30 жылдығына орай ұйымдастырылады», деді Роман Василенко.