31 мамырда “Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратының ғимаратында Қазақстанның танымал спортшыларын партия қатарына алу салтанаты өтті. Осы іс-шараға қатысушы спортшылардың алдында сөз сөйлей отырып, “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин былай деді: “Cіздердің жеңістеріңіз – бұл еліміздің, мемлекетіміздің жеңістері. Себебі, Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашанда спорт өнерін дамытуға ерекше көңіл бөліп, барлық жағынан қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі күні Спорт және туризм министрлігі атқарып келе жатқан жұмыстар өз нәтижесін беріп отыр”.
“Нұр Отан” партиясының қатарына Қазақстанның келесі танымал спортшылары қабылданды: Мерей Ақшалов – 2008 жылғы XІX Олимпиада ойындарына қатысушы, бокс бойынша әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері; Сиязбек Далиев – параолимпиадалық Азия чемпионатында жасөспірімдер арасында жүзу бойынша 2 күміс және 2 қола медаль иегері; Гүлжан Исанова – дзюдо бойынша 2009 жылғы Азия чемпионы, студенттер универсиадасының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бақытжан Қожабеков – жастар арасында бокстан екі дүркін Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері; Елена Папина – су астында тұспалдау бойынша әлем және Еуропа чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері; Марина Петракова – 2009 жылғы әлем чемпионатының көркем гимнастика бойынша күміс жүлдегері, Азияның 2009 жылғы чемпионы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы чемпионы, 2007 жылғы Олимпиада ойындарына қатысушы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері; Светлана Подобедова – ауыр атлетика бойынша әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері; Владимир Седов – әлем чемпионы, 2008 жылғы ХІХ Олимпия ойындарында ауыр атлетика бойынша 5 орын иегері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері; Николай Чеботько – 2010 жылғы ХХІ Қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысы бойынша 5 орын иегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері; Арман Шылманов – 2008 жылғы XІX Олимпия ойындарында таэквондо бойынша қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері; Людмила Шумилова – су астында тұспалдау бойынша бірнеше дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері; Елена Хрусталева – 2010 жылғы ХХІ Қысқы олимпия ойындарының биатлон бойынша күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері және басқалар.
“Егемен-ақпарат”.