• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Наурыз, 2023

«Қазақстанда жасалған»: дүкен сөрелері отандық өніммен толығады

427 рет
көрсетілді

Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен 2023-2024 жылдарға арналған «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасын іске қосу жөніндегі жол картасы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, жол картасын іске асыру бойынша келесі іс-шаралар көзделген:

Техникалық реттеу құралдары арқылы ішкі нарықты қорғаудың жаңа моделін әзірлеу және «Қазақстанда жасалған» белгісімен тауарларды ерікті сертификаттау жүйесін құру. «Қазақстанда жасалған» ұлттық стандарттар сериясын әзірлеу (өнімге, отандық өндірушілерге және оны сатушыларға қойылатын талаптар). Азаматтарды қазақстандық өнімді сатып алуға ынталандыру мақсатында екінші деңгейдегі банктермен және сауда желілерімен бонустарды есептеу жүйесін (кэш-бэк) енгізу мәселесін пысықтау. Бұдан басқа, құжат сауда қызметі туралы заңнаманы жетілдіруді көздейді.

Сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекске сауда қызметі бөлігінде, құқық бұзушылықтың сипаты мен қауіптілігіне байланысты пропорционалды және барабар әкімшілік жауапкершілікті енгізу, сондай-ақ сауда қызметін реттеу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың жаңа құрамдарын белгілеу тұрғысынан өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр.