• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Наурыз, 2023

Тоқаев: Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесі – өте маңызды мәселе

503 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы әкімдерге дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Этносаралық келісімді нығайту – еліміздің тұрақты дамуының негізі. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыру үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті билік, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жалпы азаматтық қоғам күш біріктіруі қажет», деді Президент. 

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды екенін жеткізді.

«Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.