• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Наурыз, 2023

Қыздардың табысы

296 рет
көрсетілді

Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелья қаласында өткен Гран-при додасында Елжана Тәниева табысты өнер көрсетті.

Азия чемпионы, Ислам ынты­мақтастығы ойындарының жеңімпазы деген атағы бар 17 жастағы қазақ қызы «доп» жаттығуында 32.900 ұпай жинап, қола медаль иеленді. Пиреней түбегінде әлем чемпионатының үш дүркін күміс және бір мәрте қола жүлдегері, Еуропа чемпионы Стиляна Николова алдына жан салмады. Ол біздің Елжанамен түйдей құрдас. Былтыр дәл осы турнирде екі алтын мен екі күміс медаль олжалап, теңдессіз өнерімен төркүл дүниені тамсандырған 18 жасар Ева Брезалиева бұл жолы күміс медальды қанағат тұтты. Бұл гимнасшылардың екеуі де – Болгариядан.

Ал Грекияның Афина қаласында жас­өспірімдер арасында өткен «Афродита ку­богінде» қазақтың қос аруы – Айым Мейір­­жанова мен Ақмарал Ерекешова күміс ме­дальды мойынға ілді.