• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Наурыз, 2023

Балалар ауруханасының есепшісі бюджет қаржысын ойынханаға салған

202 рет
көрсетілді

Талдықорғанда балалар ауруханасының есепшісі құмар ойындарға 109 миллион теңге бюджет қаражатын салғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ол бес жылға бас бостандығынан айрылған.  Сотталушы келтірілген шығынды ішінара өтеген. Ол жазасын орташа қауіпсіз түрмеде өтейді.

Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

2021 жылдың 1 наурызынан бастап есепші болып жұмыс істейтін А.  109 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап, құмар ойындарға салған.

«Сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуын,  келтірілген залал ішінара өтелгенін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот күдіктіге бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тиісті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге жазасын бекітті», деп мәлімдеді Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот Қылмыстық кодекстің 55-бабының 4-бөлігін «Осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен жеңілірек жаза тағайындау» қолданып, ең төменгі жаза тағайындағанын атап өтті. Баптың санкциясы жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.