Елордада 21-23 наурыз аралығында «Наурыз базары» шығыс жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында өтеді.
«Наурыз базары» шығыс жәрмеңкесі этностильдегі киімдердің, зергерлік бұйымдардың, керамика, металл, киіз және жібектен жасалған заттардың, кәдесыйлардың жаңа топтамаларының бай таңдауын ұсынады.
Қала тұрғындары үшін еліміздің әр өңірінен бас қосқан ең жақсы шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілердің жаңа өнімдері ең тиімді бағамен қолжетімді болады. Мереке құрметіне барлық тауарларға үлкен жеңілдіктер жоспарланып отыр.
Шығыс тағамдары фестивалі жұртшылықты асыға күтеді.
Жәрмеңке 21 наурыз күні сағат 13:00-18:00 аралығында, ал 22 және 23 наурыз күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.