• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Наурыз, 2023

Қазақстанда жағар-жанармай қымбаттай ма?

348 рет
көрсетілді

Бұл сұраққа Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Көктемгі егіс маусымына дейін бензин мен дизель отыны қорын қалыптастыра алдық. Сондай-ақ импортқа қажет болатын қосымша көлемді анықтадық. Биыл бұл көлем Ресей Федерациясымен екіжақты қарым-қатынас аясында шамамен 850 мың тонна деп бекітілді», деп нақтылады министр Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Қазақстанда бензин бағасы өспейді.

«Бензин бағасының өсімі күтіліп отырған жоқ», деп қорытындылады Ақшолақов.