Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру мақсатында пиязды экспортына тыйым салынған еді. Қаулы 28 қаңтардан бастап 3 ай мерзімге күшіне енген. Алайда, Серік Жұманғарин пияз экспортына салынған тыйым әзірге алынбайтынын айтты.
«Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде 68 мың тонна пияз бар. Бұл жаман көрсеткіш емес. Десе де, наурыз-сәуір айларында ішкі нарықты қамтмамасыз ету үшін бізге 40 мың тонна пияз қажет», деді ол.