• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Наурыз, 2023

Еленаның екпіні күшті

134 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде Қазақстанның бірінші және әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Үшінші кезеңде жерлесіміз Паула Ба­досамен шеберлік байқасты. Былтыр әлемдік рейтингте екінші орынға дейін кө­терілген 25 жастағы Испания теннис­шісі бұл күндері үздіктер тізімінде 22-сатыға жайғасқан. Соңғы екі жылда ол Аустралияның ашық бірін­шілігі мен Уимблдонның төртінші айналымына дейін жетіп, Ролан Гарростың ширек финалында өнер көрсетті. Сондай-ақ Паула Индиан-Уэллс, Белград және Сиднейде өткен WTA турнирлерінде топ жарды. Елена 1 са­ғат 36 минутқа созылған бәсекеде 6:3, 7:5 есе­бімен жеңіске жетті. Ен­ді 1/8 финалда ол ре­сейлік Варвара Гра­че­вамен шеберлік бай­­қасады.

Бір қызығы, дәл осы теннисшілер АҚШ-тағы жарыстың жұптық сайысында бірге ойнады. Бірақ Рыбакина мен Бадоса жұбы екінші айналымда Элиза Мертенс (Бельгия) пен Сторм Сандерстен (Аустралия) жеңіліп қалды.