Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары ербелісті-динамикалық, сондай-ақ статикалық сынақтарды жүргізуді қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл сынақтар KN GROUP құрылыс компаниясының тапсырысына сәйкес Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 3 қабатты фрагментіне жүргізіліп жатыр.
Бұл ретте сынақтан өткізіліп жатқан ғимараттың құрылымдық схемасы көлденең еден дискілерімен біріктірілген байланыстырушы қаңқа түрінде қабылданғанын айта кеткен маңызды.
ИИДМ баспасөз қызметі хабарлағандай, сынақтар В3 үлгідегі вибродинамикалық қондырғы арқылы бірнеше кезең бойы жүргізіледі. Оның нәтижесінде алынған мәліметтер өңделіп, тиісті талдау жасалып жатыр. Аталған сынақтың қорытынды көрсеткіштері тапсырыс берушіге жіберіледі.