Табиғат тосын мінезін танытты. Үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай болатын бұршақ Бөрлі ауданының Березовка ауылындағы 277 үйдің шатырын қиратып кеткен. 27 автокөліктің терезелері сынып, шанақтары майысқан. Бау-бақша мен егіс алқаптары да аман қалған жоқ. Нөсер жаңбырдың соңы бұршаққа ұласып, 10 минут бойы аспаннан диаметрі 4,5 сантиметрге дейін жететін мұз кесектері жауған.
Ауданда құрылған арнайы комиссия кеше төбесі тесілген баспаналардың тізімін анықтап бітірді. Табиғат апатынан келген шығынның мөлшері қазір есептелуде. Төтенше жағдайдың зардабын жою жолдарын содан кейін белгілейміз, дейді Бөрлі аудандық әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы Болат Тукупов.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы.