• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Наурыз, 2023

Жамбыл облысында 400-ден астам жұмыс орны ашылады

260 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында катодты мыс өндіру бойынша «Shagala-Mining» ЖШС ірі инвестициялық жобасы іске асырылуда. Зауыт 439 жаңа жұмыс орнын ашып, өндірістік қуаты 10 000 катодты мыс шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндірістің бірінші кезеңінің құны 25 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын Қарағанды (Шет ауданы) және Жамбыл (Мойынқұм ауданы) облыстарының шекарасында орналасқан. Зауыттың бірінші кезеңін пайдалануға беру 2023 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған.

Бұл жобаның мақсаты - құрамында 99,99% мыс бар, таза катодты мыс алу мақсатында мыс кенін қайта өңдеу бойынша заманауи өндірістік кәсіпорын құру. Өндіріс үшін негізгі шикізат - мыс кені.

«Бүгінгі таңда біздің өңірлік өкілдігіміздің көмегімен өндірістік объектілерді (200 га), үйінді шаймалау учаскесін (1 га), суару алқаптарын (84 га), вахталық кентті (7 га), кірме жолдарды (2 га), санитарлық-қорғау аймақтарын (117 га), болашақ флотациялық фабриканың (47 га) және аумақты көгалдандыру (105 га) қажеттіліктері үшін жалпы ауданы 563 га инвестициялық алаң бөлінді. «Технологиялық жабдықтар мен оның жинақтауыштарын импорттау кезінде кедендік баж салығын салудан босату» преференциясы бойынша инвестициялық жоба жасалды», деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Жамбыл облысы бойынша өңірлік директоры Арнольд Геринг.

Болашақта осы аумақта екінші кезектегі өндірісті орналастыру және оны көгалдандыру жоспарланып отыр.