• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Наурыз, 2023

Шаршы алаңда – жастар

1732 рет
көрсетілді

Черногорияның Будва қаласында бокс­тан жастар арасындағы Әлем кубогі бас­­талды. 2005-2006 жылдары туған жас былғары қолғап шеберлері 13 сал­­мақтың жүлделерін сарапқа салып жатыр.

Жарыс басталмай тұрып-ақ Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түс­ті. Өйткені 48 және +92 кг салмақ дәре­желеріндегі қатысушылар санының аздығынан Аманат Нұрлыбек пен Ерсұлтан Сапар бірден жартылай финалға жолдама алды. Яғни осы межеде жеңілген жағдайдың өзінде олардың қоржынына қола медаль түседі. Егер сәтті өнер көрсетіп жатса, әрине, алтын немесе күміс медаль алулары әбден мүмкін. Финалға жолдама беретін бәсекеде Аманат ресейлік Никита Дебелмен, Ерсұлтан молдовалық Георгий Киряковпен күш сынасады.

Ал өзге салмақ дәрежелерінде Қазақ елі намысын Ислам Мәшкентаев (51 кг), Жансері Көшербаев (54 кг), Нұрбек Мурсал (67 кг), Өнер Сейілхан (67 кг), Санжар-Әли Бегалиев (71 кг), Ислам Советов (71 кг), Әлихан Нұрзақ (75 кг), Дихан Шайқыбеков (75 кг), Дәулет Төлемісов (80 кг) және Нұржан Думан (92 кг) қорғайды.