• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Наурыз, 2023

Елена Рыбакина «Мастерс» турнирінің жартылай финалына шықты

296 рет
көрсетілді

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан-Уэллсте WTA-1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ширек финалда Қазақстан спортшысы әлемнің 76-шы ракеткасы чех Каролина Мухованы 7:6 (7:4), 2:6, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 48 минутқа созылды. Бірінші сетте Елена 3:5-тен кетіп, сетбол ойнады.

Бұл жетістік Қазақстан үшін тарихи сәт болды. Өйткені бұған дейін Рыбакина Индиан-Уэллстегі жартылай финалға ешқашан жеткен емес.

Турнирдің финалына шығу үшін Қазақстанның алғашқы ракеткасы поляк Ига Швентек немесе румыниялық Сорана Кырстеймен ойнайды.