• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Наурыз, 2023

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

178 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазгидромет  таратқан деректерге сәйкес, атлантикалық циклон жырасының әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.