• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Теннис 18 Наурыз, 2023

Елена Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы атанды

320 рет
көрсетілді

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирдің финалына шыққаннан кейін WTA рейтингінде рекордтық сатыға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Live-рейтинг деректері бойынша Рыбакина 3370 ұпай жинап, әлемдік рейтинг кестесінің сегізінші сатысына көтерілді. Бұл ретте Елена финалда жеңіске жетсе, одан да жоғары көтерілуі мүмкін.

Еске салайық, BNP Paribas Open-2023 турнирінің жартылай финалдық кездесуінде Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига  Швентектен екі сетте (6:2, 6:2) басым түсті. Финалда ол әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Беларусь спортшысы Арина Соболенкомен кездеседі.