• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
27 Маусым, 2014

Халықаралық басылым түркі әлеміне қызмет етеді

422 рет
көрсетілді

Түркі академия­­сы жарыққа шығар­­ған «GLOBAL-turk» ха­­лықаралық жур­­налының тұсауы елордадағы Бей­біт­шілік және келісім сарайында кесілді. Бұл басылым түркітанумен ғана шектелмейді. Ол Еуразия кеңістігіндегі түркі әлемінің өзекті мәселелеріне қатысты тың зерттеу мақалалар мен түркі интеграциясы туралы терең ізденістерді де жариялап тұрмақ. Өткен айдың басында Түркия­ның Бодрум қаласында өткен Түркі Кеңесінің саммитінде аталған ака­демияға түркі әлемі елдерінің интеграциясы жолдарын айқындау үшін бағдарлама әзірлеу тапсырылған болатын. Сонымен қатар, Елбасы Н.Назарбаев мүше елдердің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру ұсынысын да жасап еді. Жарық кө­ріп отырған ақпараттық-талдама­лық «GLOBAL-turk» журналы осы мін­­­дет­­­терді жүзеге асыруды көз­деп отыр. Түркі академиясының басшысы, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлінің айтуынша, екі айда бір рет жарық көретін бұл халықаралық басылымға Түркі Кеңесіне мүше елдердің тілдерінде (қазақ, түрік, әзербайжан және қырғыз), сонымен қатар, ағылшын және орыс тілдерінде мақалалар қабылданады. Журналдың алғашқы санында Қазақстан, Германия, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан елдері ғалымдарының тарих, түр­кітану, ұлттық болмыс, Орта Азия саясаты, Еуразия жайы, дін, тағы басқа мәселелерге қатысты салмақты дүниелер жарияланған. «Егемен-ақпарат».