• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Наурыз, 2023

Сайлау: Қырғызстанда дауыс беру басталды

234 рет
көрсетілді

Қырғызстан астанасында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де Бішкектегі Қазақстан елшілігінің ғимаратында орналасқан №264 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елшіліктің мәліметінше, сайлаушылар тізімінде консулдық есепте тұрған 300 қазақстандық, негізінен халықаралық және жеке компаниялардың қызметкерлері, жергілікті жоғары оқу орындарында оқитын студенттер, дипломаттар және олардың отбасы мүшелері бар.

Сайлау учаскесі жұмысын бастағаннан бері алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасады. Олардың арасында Қырғызстанда тұрақты және уақытша тұратын сайлаушылар, сонымен қатар жеке және іскерлік мақсатта осында жүрген қазақстандықтар бар.

Қазақстандық Әсет Келімбаев сайлау учаскесіне өз еркін білдіру үшін алғашқылардың бірі болып келді. Оған бірінші келген сайлаушы ретінде комиссия мүшелері сыйлық табыс етті.

«Бішкекке алғаш рет туыстарыма қонаққа барғандықтан, мен сайлауға дауыс беруге келдім, сол арқылы өз құқығымды пайдаланып, азаматтық борышымды өтедім. Мен үшін сайлау – маңызды, одан ең алдымен елде жақсылыққа үлкен өзгерістер күтемін», деді ол.

№264 сайлау учаскесінде халықаралық байқаушылар мен БАҚ өкілдері жұмыс істейді, олар үшін арнайы аймақтар бөлінген. Сайлау учаскесі кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмысын жалғастырады, содан кейін учаскелік комиссия мүшелері дауыстарды санауға кіріседі. Қазақстан азаматтары бұл күнде азаматтық борышын өтеуге әлі де үлгере алады.

Сайлауға кәмелеттік жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады, ол үшін олармен бірге жеке басын куәландыратын жарамды құжат болуы керек.