Сайлаушылардың 14-21 пайызы бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана уақытымен сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлауға азаматтардың келуі мынадай болды:
1. Абай облысы бойынша – 15,13%
2. Ақмола облысы бойынша – 15,61%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 12,44%
4. Алматы облысы бойынша – 15,32%
5. Атырау облысы бойынша – 12,94%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,96%
7. Жамбыл облысы бойынша – 16,54%
8. Жетісу облысы бойынша – 15,93%
9. Қарағанды облысы бойынша – 16,31%
10. Қостанай облысы бойынша – 16,23%
11. Қызылорда облысы бойынша – 12,64%
12. Маңғыстау облысы бойынша –12,36%
13. Павлодар облысы бойынша – 16,49%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 15,93%
15. Түркістан облысы бойынша – 15,62%
16. Ұлытау облысы бойынша – 16,38%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 16,11%
18. Астана қаласы бойынша – 13,58%
19. Алматы қаласы бойынша –8,51%
20. Шымкент қаласы бойынша – 12,57%
«Жалпы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша республиканың 1 710 381 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 14,21 пайызын құрайды», деді Шавкат Өтемісов.
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 10:10, 12:10, 14:10, 16:10, 18:10, 19:00 және 20:10-да берілетін болады. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ОСК сағат 22:10-да ұсынады.
Қазір дауыс беру 10 164 сайлау учаскесінде өтіп жатыр.
Оның ішінде 17 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 18 учаске бар.