Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазандағы сайлау учаскелері дауыс берушілер үшін есіктерін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ Кувейт, Аддис-Абеба, Минск пен Брестте сайлау учаскелері ашылды.
Бұған дейін, Анкара, Ыстанбұл және Анталиядағы сайлау учаскелері Қазақстан азаматтары үшін жұмысын бастағанын хабарлаған едік. Олардың қатарында тағы Тегеран, Эр-Рияд, Джидда, Амман және Доха да бар.
Айта кетейік, кейбір елдердегі уақыт белдеуіне байланысты дауыс беру Қазақстанға қарағанда кеш басталды. Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды.