• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 19 Наурыз, 2023

«Нәтижеге мүлдем риза емеспін»: Жұманғарин инфляцияны тежеу жұмыстары туралы

215 рет
көрсетілді

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин инфляцияның жаңа кезеңі жайлы түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, ведомство жеті ай бойы инфляцияны тежеу мәселесімен айналысып келеді.

«Бірден айтайын, мен нәтижеге мүлдем риза емеспін. Өткен жылдың қыркүйек айында инфляция 20%−ға, ал өнім 21%-ға төмендеді. Бірақ жұмыс жүйелі түрде жүргізілді, біз 140 мың тоннадан астам өнім қорын құра алдық. Ақпан айының соңында біз дефляцияны бірінші рет көрдік. Ендігі міндет - оны сақтау. Менің ойымша, біз өз өндірісімізді дамытып, отандық нарықты кеңейтуіміз керек», деді Серік Жұманғарин.