• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 19 Наурыз, 2023

Бейбіт Жұқаев Швейцарияда өткен турнирдің финалына шықты

162 рет
көрсетілді

Қазақстандық Бейбіт Жұқаев (318 ATP) жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын Швейцарияның Тримбах қаласында өтіп жатқан ITF сериясы турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Жартылай финалда Ақтау тумасы жарыстың бірінші ракеткасы австриялық Максимилиан Нойхристті (250 ATP) 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Финалда Жұқаев Поле Каспер Жукпен (258 ATP) ойнайды. Ойын бүгін, 19 наурызда өтеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Александр Бублик (46 ATP) Финиксте (АҚШ) өтіп жатқан Челленджердің жартылай финалына өте алмады. Қазақстандық спортшы ширек финалда Германия өкілі Ян-Леннар Штруффтан (134 ATP) 4:6, 6:3, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.