• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Наурыз, 2023

Науқанға бір кісідей қатысты

198 рет
көрсетілді

Абай облысында сайлау күні сән-салтанаты жарасқан түрлі іс-шаралар көп ұйымдастырылды. Ұлыс­тың ұлы күні қар­саңын­дағы тарихи сәтте Қыдыр ата сайлау­шы­ларға ақ батасын беріп, үміткерлерге сәттілік тіле­ді. Сайлау күні тіркелген елеулі оқиғалар да болды.

Аягөз қаласында тұратын егіз қыз – Айдана мен Гүлдана алғаш рет дауыс берсе, тыл ардагері Күлпаш Жа­қыпқызы да саяси науқаннан тыс қалмай, балаларының көмегімен өз таңдауын жасады. 1924 жылы бұрынғы Абыралы ауданында дү­ниеге келген қария «Еңбек Ері» се­кіл­ді жоғары марапаттардың иегері.

– Елімізде сайлау болып жатыр дегенді естіп отырмын. Елімізде береке-бірлік болсын, соғыс бол­масын! – деп жүрекжарды лебі­зін білдірді Күлпаш Жақыпқызы.

Өзге өңірдегідей Абай облысында да сайлаушыларға мерекелік нау­рызкөже мен бауырсақ ұсы­ныл­ды. Учаскеге ерте келген сай­­лау­­шыларға кәдесыйлар таратылды.

– Бұл сайлауды халқымыз көп­тен бері күтті. Сол үшін де бүгін қуана-қуана кел­дік. 18 жас­қа толған әр азамат өзінің конс­ти­туциялық құқығын пайда­лана отырып, сайлауға атсалысу­ға тиіс, – деді Семей қала­лық қоғам­дық кеңесінің төр­ағасы Шаған Жұмақсанов.

Осы күнгі елеулі оқиғалардың тағы бірі сайлау учаскесінде семей­лік жігіт сүйіктісіне тұрмыс­қа шығу жөнінде ұсыныс жасады. Олар болашақта шаңы­рақтарында ұл туса, есімін Сайлаубек қоямыз деп ырымдады. 19 наурыз күні Абай облысында 18 сәби дүниеге келсе, оның 12-сі – қыз, алтауы – ұл. Біле білсек, бүгінгі ұрпақтың ертеңі жарқын болуы үшін әркім сайлауға барып, өз таңдауларын жасау керек.

 

Абай облысы